«Astana Times» ЖК, «Қаздала» ақпарат агенттігі, ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің № 15 766 - ИА 30.12.2015 куәлігі берілген.

Астана қаласында ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерін өткізудің бекітілген кестесіне сәйкес 8 - 9 қыркүйек күндері Мұнайтпасов көш., 9 мекен-жайы бойынша орналасқан«Қазақстан» СК автокөлік қоятын алаңында Республика өңірлерінің қатысуымен Павлодар облысының ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерінің қатысуымен ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Ауыл шаруашылығы жәрмеңкесінде облыстың барлық өңірлерінің 100-ден астам өңдеуші кәсіпорындары мен ауылшаруашылық құрылымдары қатысады, олармен барлығы 110 млн. теңгеден астам сомаға 465 тонна көлемінде өнім:

барлық түрдегі ет 36,7 тонна, оның ішінде: 18,7 тонна сиыр еті, 10,5 тонна жылқы еті, 2,5 тонна қой еті, 5 тонна құс еті, 220 тонна картоп, 80 тонна көкөністер, 60 тонна бақша дақылдары, 5 тонна балық, 90 мың дана жұмыртқа, 6 тонна шұжық өнімдері, 1500 дана ет консервілері, 10 тонна сүт өнімдері, 7,5 тонна қымыз, 4 тонна ірімшік, 10 тонна ұн, 6 тонна жармалар, екі тоннадан макарон, нан-тоқаш, кондитер өнімдері, 4,5 тонна бал, 4 тонна өсімдік майы әкелінеді.

Өңірлердің ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілері сату үшін сиыр етін 1350 теңге/кг бағасы бойынша, жылқы етін – 1550 теңге/кг, қазыны – 1750 теңге/кг, қой етін – 1300 теңге/кг, құс етін – 700 теңге/кг, жұмыртқаны – 10 данасына 170 теңге, қатты сорттағы ірімшікті - 1800 теңге/кг, қымызды – 600 теңге/кг, балды – 1500 теңге/кг, өсімдік майын – 360 теңге/литр, макарон өнімдерін - 140 теңге/кг, қарақұмық жармасын – 120 теңге/кг, жоғары сортты ұнды – 120 теңге/кг, картоп, қырыққабат, пиязды – 70 теңге/кг, сәбіз, қызылшаны – 90 теңге/кг, қарбызды – 50 теңге/кг ұсынатын болады.

Өткен жылдардың тәжірибесі бойынша павлодарлық ауылшаруашылық тауар өндірушілерінің өнімі астаналықтарда үлкен сұранысқа ие және жәрмеңкені ұйымдастыру кезеңінде толығымен өткізіледі. Қалалықтарда ет өнімдері, картоп, көкөністер және қарбыздар өте танымал.

Павлодарлық кәсіпорындар келісуге боларлық бағаларға қатысты азық-түлік өнімдерінің кеңейтілген ассортиментін астаналық тұрғындарға ұсынады. Қалалықтарға Павлодар облысының эмблемасы бар экологиялық жағынан таза пакеттерде өнім босатылады.

Барлық Республикада және одан шет жерлерде бренді танымал «Рубиком» ЖШС, «КЭММИ» ЖШС, «Ақжар - Өндіріс» ЖШС, «РЭГТайм» ШҚ, «Крендель» ЖШС, «Зерноград» ЖШС, «Галицкое» ЖШС, «Шарбақты Құс» ЖШС, «Победа» ЖШС, «Ақтоғай Агро» ЖШС сияқты кәсіпорындар өзінің өнімін ұсынады.

Мерекелік бағдарламаны, іс-шараның музыкалық сүйемелдеуін Павлодар облыстық филармониясының шығармашылық ұжымдары қамтамасыз етеді.

Павлодарлық өнім өткізушілердің жәрмеңкесіне келіңіздер!