«Astana Times» ЖК, «Қаздала» ақпарат агенттігі, ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің № 15 766 - ИА 30.12.2015 куәлігі берілген.

Астанадағы қоғамдық көлікте қолма-қол төлеу құны қымбаттағалы бері қала тұрғындары жаппай арнайы көліктік картаны сатып ала бастады. Алайда осы көлік картасы бойынша қолданыстағы тарифтерді көпшілік біле бермейді. Айта кетейік, бұл тарифтер аз да болсын жолға кететін қаражатты үнемдеуге мүмкіндік береді. Назарларыңызға елордадағы қоғамдық көлікте жүру картасы бойынша бекітілген тарифтер бойынша ақпарат  ұсынамыз: Тарифтік саясат Көлік картасының құны – 400 теңге. Назар аударыңыздар, 400 теңге – бұл картаның құны, оны толтыру қажет. Қолданыстағы тарифтер: Көлік әмияны; Қала айлық – 7 500 тг.  (ересек), 1500 тг.

(балалар) Қала 3 айлық - 20 000 тг. (ересек), 4000 тг.(балалар) Қала+ аймақ айлық – 9500 тг. (ересек), 2000тг. (балалар) Көлік билеті (толтырылмайтын жұмсақ карта), 10 сапарға арналған – 1000 теңге, тегін ауысып отыру мүмкіндігі бар. Көлік әмияны – 100-ден 5000 теңгеге дейін сомаға толтыру мүмкіндігі бар икемді тариф. Тариф барлық бағдарларда: қалалық, экспресс және қала маңы бағдарларында жарамды.  «Көлік әмияны» арқылы төлеу кезіндегі жол жүру құны: Кәдімгі қалалық бағдарларда – 90 теңге; (40 теңге балаларға); Экспресс-бағдарларда – 180 теңге; (90 теңге балаларға). Қала маңы бағдарларында – 8 тг/км., (4 тг/км, балаларға). 
Назар аударыңыз! Тамыздың 31-іне дейін жол ақысын қолма-қол төлеу кезінде балалар үшін қалалық бағдарларда – 40 теңге,  экспресс бағдарларда – 90 теңге болып қалады. Тегін ауысып отыру Көлік картасын пайдаланушы алғашқы валидация жасалған сәттен бастап 60 минут ішінде басқа автобусқа тегін ауысып отыра алады. Яғни, көлікке кірген кезде жолаушы картаны валидацияны өткізуі тиіс. Басқа автобусқа кіргенде,  жолаушы «валидациядан» тағы  өтеді, алайда ол үшін ақы алынбайды. Валидация кезінде валидатор экранына «Пересадка» деген жазу шығады. 

Источник: http://24.kz/kz/zha-aly-tar/bylu-manyzdy/item/257893-zhol-shy-ynyn-alaj-azajtu-a-bolady
Қолданылған материалдарға міндетті түрде www.24.kz сайтына гиперсілтеме берілуі тиіс / Любое использование материалов допускается только при наличии гиперссылки на www.24.kz