«Astana Times» ЖК, «Қаздала» ақпарат агенттігі, ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің № 15 766 - ИА 30.12.2015 куәлігі берілген.

Қарағандыда 21-ші мамыр күні үздік мәдениет және өнер қызметкерлері марапатталды. Салтанатты шара К. Станиславский атындағы орыс драма театрының сахнасында өтті. Облыс әкімінің сыйақысы 21 номинация бойынша табысталды.

- Бұл салада тек өз ісіне шынайы ғашық адамдар ғана жұмыс жасай алады.Сіздердің ғажайыпты, мейірімділікті көре алуларыңыздың арқасында біз рухани дамимыз ,- деді Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов салтанатты шара барысындағы құттықтау сөзінде. – Қарағанды облысы талантты адамдарға бай және біз оларға жұмыс жасау үшін қажеттіліктің барлығын жасауымыз керек. Биыл біз мәдениет нысандарын жөндеу жұмыстарының бюджетін үш есеге көбейте алдық,оның ішінде басты назар ауылдық жерлерге бөлінді. Қарағандыда жаңа концерт залын жобалау жұмыстары басталды. Биылғы жылы қаламыздың музыка мектептері үшін 120 млн теңгеге жаңа аспаптар сатып алынды. Кезең бойынша біз мектептер жабдықтарын жаңартамыз. Алғаш рет облыстық бюджет есебінен 50-ден аса оқушы Канн, Рим,Прага қалаларында өткен сайыстарға барып қайтты. Олардың барлығы марапаттармен оралды, бұл біздің ұстаздарымыздың кәсібилігін көрсетеді. Талантты әртістердің жаңа буыны өсіп келеді. 
Аймақ басшысы мәдениет және өнер қызметкерлеріне алғыс білдіріп, оларды кәсіби мерекелерімен құттықтады.

Биыл 23 адам облыс әкімі сыйақысының иегерлері атанды. Үздік мәдениет және өнер қызметкерлері 500 мың теңгеден сыйақы алды.

Бір миллион теңге көлеміндегі «Мамандығына адалдығы үшін» арнайы сыйақысын Т.Қалмағанбетов атындағы Жезқазған филармониясының әртісі Ғалым Мұхамедин мен Қ.Байжанов атындағы КБ «Арай» ансамблінің аспапшы солисті Александр Севостьянов иеленді.

Облыс әкімі сыйақысының лауреаттары:

«Жыл әртісі» - Бауыржан Сүлейменов, С.Сейфуллин атындағы қазақ драма театрының әртісі;

«Жыл әртісі» - Қарлығаш Жарылғапова, С.Сейфуллин атындағы қазақ драма театрының әртісі;

«Жылдың үздік эпизодтық рөлі» - Татьяна Яковлева, К.С.Станиславский атындағы орыс драма театрының әртісі;

«Жылдың үздік театр режиссері» - Теміржан Жанботаев, С.Қожамқұлов атындағы Жезқазған қазақ музыкалық-драма театрының әртісі;


«Жылдың эстрада жанрының вокалисті» - Зәуре Омарова Зәуре, Т.Қалмағамбетов атындағы Жезқазған филармониясының әртісі;

«Жылдың классика жанрының вокалисті» - Денис Кудряшов, академиялық музыкалық комедия театрының солисті;

«Халық әнін үздік орындаушы» - Жандос Ахтаев Жандос, Жәйрем кентінің мәдени-сауық орталығының музыкалық жетекшісі;

«Жылдың үздік инструменталисті» - Александр Бородин, Қ. Байжанов атындағы концерттік бірлестіктің симфониялық оркестрінің әртісі; Нұрдәулет Ыдырысов, Қ.Байжанов атындағы концерттік бірлестігінің Тәттімбет атындағы оркестрінің әртісі; Жанна Шестакова академиялық музыкалық комедия театрының концертмейстері;


«Жылдың үздік жеке аспапта орындаушысы» - Әсет Әбілдин, Қ.Байжанов атындағы концерттік бірлестіктің Тәттімбет атындағы оркестрінің әртісі;


«Жыл хореографы» - Игорь Жигас, Теміржолшылар мәдениет үйінің «Revival» степ-тобының жетекшісі;


«Балет және хореографиялық ұжымының үздік әртисі» - Зинаида Лымарева академиялық музыкалық комедия театрының балет әртісі;


«Көркемөнерпаздар ұжымының үздік жетекшісі» - Ирина Осипова, «Молодежный» мәдениет үйінің «Росинка» үлгілі хореографиялық ансамблінің жетекшісі;

«Демалыс уақытын үздік ұйымдастырушы» - Алтынай Нұрманбаева, Облыстық сауық және халық шаруашылығының ғылыми әдістемелік орталығы мәдени-сауық жұмысы бөлімінің меңгерушісі;

«Ауыл мәдениетінің үздік қызметкері» - Күлпан Сатемірова, Шет ауданы Нұраталды ауылының мәдениет үйінің меңгерушісі;


«Ауылдың үздік кітапханашысы» - Майра Шәріпова, Абай ауданы Топар кенті кітапханасының жоғары санатты кітапханашысы;

 

«Үздік кітапханашы» - Ирина Иссык, Н.В.Гоголь атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы ақпараттық-библиографиялық қамсыздандыру бөлімінің жетекшісі;


«Алтын жолақ» - Кеңес Жұмабеков, С.Сейфуллин атындағы қазақ драма театрының әртісі;


«Жылдың мұражай қызметкері» - Хайниса Мұстафина, Теміртау қалалық тарихи-өлкетану музейінің пішіндеу суретшісі;

«Жылдың үздік суретшісі» - Олег Дроздов.


«Мамандығына адалдығы үшін» - Ғалым Мұхамедин, Т.Қалмағанбетов атындағы Жезқазған филармониясының әртісі, Александр Севостьянов, Қ.Байжанов атындағы КБ «Арай» ансамблінің аспапшы солисті.