«Astana Times» ЖК, «Қаздала» ақпарат агенттігі, ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің № 15 766 - ИА 30.12.2015 куәлігі берілген.

Атырау облысында мемлекет қаражаты мен жеке инвестиция есебінен тұрғын үй құрылысы қарқынды жүріп жатыр, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 
 
2017 жылы өңірде 36  тұрғын үй,  1977 пәтер пайдалануға берілді.  2018 жылы 3892  пәтерлік 44  көп қабатты тұрғын үйдің жобалау-сметалық құжаттамасы жасалды. Жеке салушылар «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша тұрғын үй құрылысын жүргізуге белсенді қызығушылық танытуда,  бұл жобаланған тұрғын үй санының артуына ықпал етіп отыр.
 
Аймақта коммуналдық және жалға берілетін тұрғын үйлер де салынып жатыр,  олар мемлекеттен пәтер алуға құқылы азаматтардың 13  санаты бойынша беріледі.