«Astana Times» ЖК, «Қаздала» ақпарат агенттігі, ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің № 15 766 - ИА 30.12.2015 куәлігі берілген.

Биылғы жылы Қарағанды облысында түрлі салаларда мемлекеттік-жекеменшік әріптестік бойынша 42 жобас іске асырылады. Ол жайлы облыс әкімінің орынбасары Алмас Айдаров, кәсіпкерлер мен облысымыздың сегіз басқармаларының басшылары қатысқан жиналыс барысында мәлімделді. 

- Өткен жылы біз мемлекеттік жекеменшік әріптестік шеңберінде 21 келісімшарт орнаттық. Бүгінгі таңда тағы екі жоба бойынша өтініш берілді. Сонымен қатар тағы шамамен 40-50 жобаны біз жүзеге асырғымыз келіп отыр. МЖӘ бағдарламасы бойынша жұмыстар негізінен білім беру және денсаулық сақтау салаларында жүргізіліп жатыр, алайда басқа да салаларды қамтысақ екен дейміз, - деді Алмас Айдаров. 
Ол сонымен қатар мемлекеттік-жекеменшік әріптестік бағдарламасы - мемлкеттік сатып алулар мен сервистік келісімшарттардың жақсы баламасы екенін атап айтты. Биылғы жылы бұл бағдарлама бойынша ТКШ саласында 3 жоба, білім беруде - 13, авто жолдар саласында - 6, спортта - 3, табиғи ресурстар саласында - 12 және денсаулық сақтауда - 5 жобаны жүзеге асыру жоспарланып отыр. 
Бизнесмендерге Саран мен Теміртау қалаларының мектептеріндегі бақылау камераларын, бүкіл облыс бойынша авто жолдарды жөндеу және оларды қадағалауды беру жоспарланып отыр. Сондай-ақ "Қарағанды-Арена" мұз сарайы, "Барс" және "Бригантина" спорттық-сауықтыру лагерлерін де жекеменшік қолға беру көзделіп отыр. Алмас Айдаровтың пікірінше, ол бұл нысандарды қамтамасыз етуге жұмсалатын шығыннан сақтап, бір мезгілде балаларға тегін спортпен айналысуға мүмкіндік береді. 
Оған қоса, МЖӘ шеңберінде Балқаш, Теміртау, Жезқазған және Абай қалаларында қоқыс іріктейтін және қоқысты қайта өңдеу зауыттарын салу, Қаражалдағы су тазарту құрылысын қайта қалыпқа келтіру және "Шахтинск ЖЭО" жаңғырту жоспары бар.