«Astana Times» ЖК, «Қаздала» ақпарат агенттігі, ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің № 15 766 - ИА 30.12.2015 куәлігі берілген.

Қарағандыда жолдардағы қауіпсіздікті қамтамасыз ететін қазіргі заманғы жүйе енгізіліп жатыр. Ол жайлы қала әкімі Нұрлан Әубәкіров Аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында мәлімдеді. 

Өткен жылы қаламызда 800 жаңа жол белгілері пайда болды. Бұл шаралар облыс орталығындағы жол көлік оқиғаларының санын төмендетуге көмектесті. 
- Биылғы жылы біз тағы 1000 жаңа жол белгілерін, үш бағдаршам және бес белсенді жаяу жүргіншілер жолын орнатуды жоспарлап отырмыз, - деді Қарағанды қаласының әкімі. 
Ол сонымен қатар жол көлік оқиғаларының артуы, көлік санының ұлғайына байланысты екенін атап өтті. Бүгінгі таңда қалада 179 000 автомобиль мен мотоцикл тіркелген. 
Жолдардағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету жаңа жүйесі инновациялық сандық технологияларды пайдалануды қарастырады, оның ішінде "Ақылды бағдаршам" секілді құрылғыларды. Бұл технология белгілі бір ағымдағы қозғалыс қалыңдығын бақылауға, жәнеде анағұрлым көбірек көлікті өткізіп жібері үшін жасыл түсті ұзағырақ етуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар жағдайдың әрі қарайғы дамуын болжап, осы мліметтерді негізге ала отырып, бағдаршамдардың жұмысын реттей алады. Сонымен қатар қала жолдарында бейнені сараптайтын және жылу байқағыш атқарымдары бар бақылау камералары пайда болады.