«Astana Times» ЖК, «Қаздала» ақпарат агенттігі, ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің № 15 766 - ИА 30.12.2015 куәлігі берілген.

Ақтөбе облысының ӨКҚ-дегі баспасөз-конференциясында денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әсет Қалиев медициналық мекемелерді электронды жүйеге көшіру туралы толығырақ айтты.

«Өңірдегі медициналық мекемелердің 72%-ы электронды нысанға көшуге дайын. Цифрландырудың 100%-дық көрсеткішіне бір айдың ішінде жетеміз. Мобильді қосымшалар әзірленді, онда дәрігердің қабылдауына жазылуға, не болмаса үйге шақыруға болад. Сондай-ақ, өз анализдеріңізді де қосымшалар арқылы алуға болады, нәтижелерін алу үшін қайтадан емханаға барудың қажеті жоқ», - деп хабарлады Әсет Қалиев.

Сол сияқты, мобильді қосымшада «жеке кабинет» электронды жүйесі жұмыс істейді, ол жерде емдеуші дәрігерге сұрақтар қоюға болады.

Бұрын хабарлағанымыздай, Ақтөбе облысында пациенттерге қызмет көрсету қолайлы болу үшін Ақтөбе қаласындағы 7 мемлекеттік емханада және облыстың үш аудандық емханасында «Қамқор» электронды жүйесі енгізілді. Одан басқа, бұл жүйе пациенттерге амбулаторлық қағаз карталардан бас тартуға мүмкіндік береді.

серiктестер

ВАЛЮТА БАҒАМЫ

 

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР