«Astana Times» ЖК, «Қаздала» ақпарат агенттігі, ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің № 15 766 - ИА 30.12.2015 куәлігі берілген.

16 студент Қарағанды облысының намысын WorldSkills жұмыс кәсіптері чемпионатының республикалық кезеңінде қорғайтын болады. 
Қарағанды облысында WorldSkills аймақтық кезеңі қорытындыланды. Чемпионат 10 колледж бен кәсіби лицейлерде өтті. Студенттер 18 мамандық бойынша өзара бақ таластырды. Байқауға 350 адам қатысты. 

Жеңімпаздарды 16-шы наурызда Теміртаудағы жоғары политехникалық колледжде марапаттады. Олардың жұмыстарын жұмыс берушілер, байқаудың серіктестері және студенттердің меңгеріп жатқан мамандықтарының алдыңғы қатарлы мамандары бағалады. 
Ең көп жеңімпаздар Қарағанды техникалық-құрылыс колледжінде болды. Бірінші орындарды онда «Құрғақ құрылыс және сылақ жұмыстары» қызметінде Бақдәулет Бекбаев, «Кірпіш қалауда» Еркебұлан Арғали, «Сырлау және әсемдеу жұмыстары» бойынша Айжан Тоқырбай және «Таспен қаптау» мамандығы бойынша Сабыржан Дүйсенбаев иеленді. 
Екі бірінші орындарды А. Құнанбаев атындағы Саран гуманитарлық-техникалық колледжі алды. «Мектепке дейінгі тәрбие» қызметінде Мәдина Шәпенова үздік деп табылды, ал «Төменгі сыныптардың ұстазы» мамандығында Ұлболсын Асылбекова бірінші орынды иеленді. 
«Аспаз ісі» қызметінде бірінші орынды Қарағанды коммерциялық колледжі Александр Свечкарь жеңіп алды, ал кондитер қызметінде Теміртаулық сауда және тамақтану колледжінің өкілі Светлана Манетова үздік деп табылды. «Мейрамханалық қызмет» мамандығында бірінші орын Қарағанды коммерциялық колледжінің студенті Александр Тумановқа бұйырды. 
"Web-дизайн" қызметі бойынша Қарағанды жоғары политехникалық колледжінің студенті Алексей Любимов үздік беп табылды. «Графикалық дизайн» мамандығында бірінші орынды Қарағанды техникалық-құрылыс колледжінің өкілі Эльмира Ақатаева иеленді. Шаштараздық өнерде бас жүлдені Қарағанды кәсіби-техникалық колледжінің студенті Юлия Иванова алды, ал «Дизайн және киім модельдеу» мамандығында Қарағанды технология және қызмет колледжінің студенті Жанайым Мақсұт үздік болды. 
Абай қаласының көпсалалы колледжінің студенті Бекболат Мысыр «Ветеринария» қызметінде жүлделі болды. Қарағанды тау-кен – индустриалды колледжінің өкілі Әнуар Ысқақов «Дәнекерлеу технологиялары» қызметінде үздік деп табылды. Қарағанды агротехникалық колледжінің студенті Төлеби Салықов «Темір шебері ісі» қызметінде бірінші орынды жеңіп алды. Ал Қарағанды көлік-технология колледжінің студенті Виктор Новиков жеңіл көліктерді жөндеу және қызмет көрсету бойынша үздік болды. 
Барлық жеңімпаздар Астана қаласында өтетін республикалық кезеңге қатысады. 

серiктестер

ВАЛЮТА БАҒАМЫ

 

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР