«Astana Times» ЖК, «Қаздала» ақпарат агенттігі, ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің № 15 766 - ИА 30.12.2015 куәлігі берілген.

Бұл туралы Ақтөбе облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз конференциясында облыстық мәдениет басқармасының басшысы Маржан Қорғанбаева мәлімдеді.

Биылғы жылы Ақтөбеліктер мен қала қонақтары үшін наурыз мерекесі бір ай бойы тойланады. Мереке қарсаңында10 тонна бауырсақ пен 13 мың литр наурыз көже дайындалады. Мәдениет басқармасының басшысы Маржан Қорғанбаеваның мәліметінше облыс бойынша палау, наурыз көже мен бауырсақ фестивалдері, домбыра-пати, қолданбалы өнер шеберлерінің көрмелері мен жәрмеңкелері, байқаулар, ұлттық спорт түрлерінен жарыстар секілді 5 мыңнан астам түрлі іс-шараларды өткізу жоспарланған. Наурыз мерекесін ауқымды тойлау 14 наурыздан 14 сәуірге дейін бір ай бойы жалғасатын болады.

Қалада алпыстан астам ұлттық нақыштармен безендірілген киіз үй орнатылып, қала тұрғындарына және қонақтарға мерекелік дастархан жайылады. Жалпы көлемі 11 тонна палау, 10 тонна бауырсақ және 13 мың литр Наурыз көже дайындалады.

- Негізінен «Наурыз» мерекесі ол - халықтық мереке. Бұл мерекеге халық отбасымен қыдыруға келеді. Биылғы мерекеде киіз үйге кіре алмадық деген реніш болмас үшін, киіз үйде арнайы дастархан жайылмайды, тек дәм таттыру.. Киіз үйдің іші көбіне ұлтық дәстүрімізді, қол өнерімізді насихаттауға бағытталған арнайы танымдық көрмелер ұйымдастырылады. Соған байланысты барлық киіз үйлердің есігі ашық болады.Ал ұлттық тағаммен, наурыз көже, бауырсақ, палаумен дәм таттыру үшін қаланың орталығында арнайы шатырлар тігілетін болады – мұның барлығы облыс әкімінң тапсырмасы деп қортындылады басқарма басшысы Маржан Қорғанбаева.

Облыс орталығында негізгі іс-шаралар 22 наурызда Әбілхайыр хан даңғылындағы ҚР Тұңғыш Президент атындағы саябақ ауданында өтіп, сол жерде «Наурызым – құт береке!» мерекелік шоуы, Орынбор облысының шығармашылық ұжымдарының қатысуымен театрландырылған көрсетілімдер мен гала-концерт ұйымдастырылмақ. Мұнда ұзындығы 850 метрлік 150 шатыр тігіледі.