«Astana Times» ЖК, «Қаздала» ақпарат агенттігі, ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің № 15 766 - ИА 30.12.2015 куәлігі берілген.

Біріккен Араб Әмірліктерінің ірі қаласы саналатын Дубайда жақын арада тұрғындарға әуе көліктері қызмет көрсететін болады.

Бастаманы Дубайдың жол және көлік басқармасы көтеріп отыр. Олардың пікірінше, таксидің бұндай түрі сенімділік пен қауіпсіздік тұрғысында ерекшеленеді.

Әуе көлігін автоұшқыш басқаратын болады, ал бағытқа GPS-навигатор жауап бермек. Жоба авторларының сөзінше, көліктің қозғалысын жердегі оператор да бақылап отыратын болады.

Бұндай әуе таксилері екі метр биіктікте қозғала алады. Олар электр қуатымен жұмыс жасаған соң, экологиялық тұрғыда таза. Жобаға сәйкес, ұшудың максималды ұзақтығы 30 минуттан аспайды, ал максималды жылдамдығы – сағатына 100 шақырымды құрайды.

Көлік қызметін қолданғысы келген адам алдағы уақытта оны смартфон арқылы шақыратын болады. Жоба авторлары әуе таксиі тұрғындарды қалаған жерлеріне уақытылы әрі неғұрлым жақын жеткізіп тастайтындығына уәде беріп отыр.