«Astana Times» ЖК, «Қаздала» ақпарат агенттігі, ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің № 15 766 - ИА 30.12.2015 куәлігі берілген.

 Жасөспірімдерге психологиялық көмек көрсету орталығы Қарағандыда биылдан бастап жұмыс істей бастайды. Орталықты ашу жоспары туралы

Қарағанды облысының Білім басқармасы басшысы Есенғазы Иманғалиев айтып берді. 
- Қазіргі таңда республикамызда «111» жедел қызметі жұмыс істейді. Бұл бала құқығы бойынша уәкілетті штаб-пәтер үйлестіретін сенім телефоны. Қарағандыда біз сәйкесінше даярлықтан өткен психологтар жүмыс істейтін ахуалдық орталық ашқымыз келеді. Ол жасөспірімдеріміздің тек республикалық орталықта ғана емес, сонымен қатар бізде де көмек алуға мүмкіндіктері болуы үшін керек, - деп мәлімдеді ол. 
Жасөспірімдер арасында өзіне өзі қол жұмсадың алдын алу бағдарламасы шеңберінде мектеп психологтары мен әлеуметтік қызметкерлерінің біліктілігін арттыру және оқыту мақсаттарына 20 миллион теңге бөлінді. Есенғазы Иманғалиевтің айтуынша, бүгінгі таңда аймағымызда 45 білікті мектеп психологтары жетіспейді. 
- Бұл біздің облыс үшін үлкен сан емес, кадрлардың тапшылығы мәселесін шешуге болады. Бір психолог қанша балаға жұмыс істейтіні, міне осы басқа сұрақ. Сондықтан біз қазір психологтардың біліктілігін арттыруға баса назар аударудамыз, - деп атап өтті білім басқармасының басшысы. 
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда зорлық-зомбылықтан қатаң қарым-қатынастан зардап шеккен немесе қиын өмірлік жағдайға тап болған балалар үшін сенім телефоны ұйымдастырылған болатын. «111» телефон нөмірі бойынша тәулік бойы ақпарат алып, кеңестік, психологиялық, заңдық көмек алуға немесе баланың құқығы бұзылғаны туралы хабарлама жасауға болады.