«Astana Times» ЖК, «Қаздала» ақпарат агенттігі, ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің № 15 766 - ИА 30.12.2015 куәлігі берілген.

Сауд Арабиясының әйелдеріне тергеуші болып қызмет жасауға рұқсат берілді.

Аталмыш елдің прокуратурасы тергеуші қызметіне әйелдерді қабылдауды бастағанын мәлімдеді. Бір айта кетерлігі, осы уақытқа дейін тергеуші лауазымын тек ер азаматтар иелене алатын.

Бұл жұмысқа тұрғысы келетін әйелдер қауымына бірнеше емтихандарды тапсыру қажет болады. Сондай-ақ, олардың заң саласы бойынша білімдерінің болуы шарт.

Бұндай қадам Сауд Арабиясының ханзадасы Мұхаммед бин Салманның жүргізіп жатқан әлеуметтік өзгерістерінің бірі саналып отыр. Оның өзгерістері әсіресе әйел азаматтарды қоғамдық өмірге белсенді түрде араластыруға бағытталған. Мәселен, былтырғы жылы бұл елде әйелдерге автокөлік жүргізуге және жүргізуші куәлігін алуға рұқсат етілді.