«Astana Times» ЖК, «Қаздала» ақпарат агенттігі, ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің № 15 766 - ИА 30.12.2015 куәлігі берілген.

2018 жылдың 14 ақпанында сағат 11.00-де Қызылорда қаласы, Н.Бекежанов атындағы музыкалық драма театрында облыс әкімі Қ.Е.Көшербаевтың 2017 жылдың қорытындысы бойынша халық алдындағы есепті кездесуі өтеді.

Осы орайда, облыс басышысының халық алдында жылдық есеп беру жиынына шақырамыз!

Есепті кездесуге байланысты Қызылорда қаласында және барлық аудандардағы ауылдық округтер мен кенттердегі әкімдердің аппараттарында халықтың ұсыныстары, ескертулері мен пікірлерін жинақтайтын жәшіктер орналасқан.

Сондай-ақ, сауалдарыңыз болса алдын-ала 400-100 «Call-центр» нөміріне хабарласуға және www. 400-100.kz сайты арқылы жолдауға болады.

Облыс әкімінің есепті кездесуі «facebook» әлеуметтік желісі арқылы «Қызылорда облысының әкімдігі» парақшасынан және «www.youtube.com» интернет желісі арқылы тікелей эфирден көрсетілетін болады.