«Astana Times» ЖК, «Қаздала» ақпарат агенттігі, ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің № 15 766 - ИА 30.12.2015 куәлігі берілген.

Ағымдағы жылдың 11-ші сәуірінде Әзірбайжанда мерзімінен бұрын президенттік сайлау өткізіледі.

Елдің қазіргі президенті Ильхам Алиевтің ішкі саяси сұрақтар бойынша көмекшісі Новруз Мамедовтың сөзінше, бұндай шешім мемлекеттің және саяси-экономикалық ресурстардың мобилизациялануының алдында тұрған мәселелерді шешуге байланысты шығарылып отыр.

Сондықтан, елдегі әлеуметтік және экономикалық сұрақтарды жеделдетіп шешу үшін сайлау алды кампания бұл елде 19-шы наурызда басталып, 10-шы сәуірде аяқталмақ.

Естеріңізге сала кетейік, кезекті президенттік сайлау Әзірбайжанда 2018 жылдың қазан айында өткізілуге тиіс болатын.