«Astana Times» ЖК, «Қаздала» ақпарат агенттігі, ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің № 15 766 - ИА 30.12.2015 куәлігі берілген.

Ақпанның 9-ы мен 11-і аралығында Қарағандыда алғаш рет әуесқой командалар арасында Қазақстандық футбол сүйерлер лигасының қорғауымен ел чемпионаты өтеді. Турнирдің матчтары «Аманат арена» жаңа спорт орталығында болады (Ермеков көшесі, 49/3). 

Чемпионаттың салтанатты ашылуы 9-шы ақпан 14.00-де, біріншіліктің алғашқы күнінде, ойындар аралығындағы үзіліс кезінде өтеді деп жоспарланып отыр. Шара Пхёнчхандағы Қысқы Олимпиаданың басталуына орайластырылған.

Өткен жылы футбол әуесқойларының Қазақстан лигасының чемпионаты Шымкент қаласында өткен болатын. Оған түрлі қалалардан жиналған 20 команда қатысты. Мини-футбол бойынша негізгі турнирмен қоса ардагерлер арасында ел біріншілігі де өтті. Онда қарағандылық Костенко атындағы шахтаның командасы жеңіске жеткен болатын. Жүлде ретінде Еуропа Чемпионатына жолдама алды.

Қазақстандық футбол сүйерлер лигасы 2012-ші жылдың наурызында құрылған Еуропалық мини-футбол Федерациясының (EMF) мүшесі болып табылады. Ол Әлемдік мини-футбол Федерациясының, әлемдік футболдың басқару органының алты континентальдік конфедерециясының бірі. EMF бас басқармасы Бирмингемде (Англия) орналасқан.

ҚФСЛ филиалдары Қазақстанның барлық дерлік ірі қалаларында бар.қарағандылық бөлімшенің жұмысының жемісі «Аманат арена» жаңа Мини-футбол орталығының салынуы болды.

Әуесқой, жаппай спортты дамытудың маңыздылығын ескере отырып, Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқарамасы мен «Қазақстандық футбол сүйерлер лигасы» ҚҰ арасында өзара серіктестік туралы меморандумға қол қойылған болатын.