«Astana Times» ЖК, «Қаздала» ақпарат агенттігі, ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің № 15 766 - ИА 30.12.2015 куәлігі берілген.

С.Сейфуллин атындағы Қарағанды облыстық қазақ драма театрында премьера дайындалып жатыр. Көрермендер назарына «Фариза мен Мұқағали» атты жаңа лирикалық драма ұсынылады. Бұл спектакль Мұқағали Мақатаев пен Фариза Оңғарсынованың арасындағы рухани сабақтастық туралы баяндайды.

Пьесаның авторы Рахымжан Отарбаев, қоюшы режиссер – ҚР еңбек сіңірген қайраткері Нұрлан Жұманиязов, қоюшы суретші – Ұлан Несіпбай.

Спектакльді 14-ші және 15-ші ақпанда 18.30-да К.Станиславский атындағы облыстық орыс дарма театрының сахнасында көрсетеді. Театр мекенжайы: Бейбітшілік бульвары, 19. Анықтама телефондары: 41-02-97, 87013240145.