«Astana Times» ЖК, «Қаздала» ақпарат агенттігі, ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің № 15 766 - ИА 30.12.2015 куәлігі берілген. Астана қаласы, Қ. Рысқұлбеков көшесі

Еуропада еттен жасалған ерекше сусын сатыла бастады.

Дүкен сөрелерінде пайда болғанына көп уақыт болмаса да, ол сатып алушыларға ұнап үлгерді.

Бұл идеяның авторы - Германияның Теммельс қалашығындағы ет дүңгіршегінің иесі Питер Классен. Ол осыдан бірнеше жыл бұрын аспаз танысымен бірігіп ерекше рецепт әзірлеп шығарған.

Сусын өте тойымды. Себебі құрамы протеинге бай. Дүкен иелерінің мәліметінше, дүкенде және оның сайтында күніне 3 мың бөтелке сатылады. Өндірушілер тұтынушыларға олардың 3 түрін ұсынып отыр. Олар: «Бомбейлік сиыр еті», «Стейк» және «Патшалық тауық еті».

Еттен жасалған ерекше сусынды жасау үшін әуелі ет пен көкөністерді турап алу қажет. Одан соң оларды пісіріп алу керек. Кейіннен ингридиенттерді ұсақтап бульонмен араластыру шарт. Былай алып қарағанда, қарапайым крем-сорпа болып көрінгенімен, оның дәмінің ерекше құпиясы бар. Бірақ оны идея авторлары жасырын сақтап отыр.

Жоба иелері болашақта Халықаралық Қызыл Крест Комитетімен серіктестік орнатқылары келетіндігін айтады. Осылайша, олар ет сусындарын кедейшілік орын алған аймақтарға жеткізгілері келеді. Себебі, сусынды жақсы қалпында бір жылға дейін сақтап қоюға болады.