«Astana Times» ЖК, «Қаздала» ақпарат агенттігі, ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің № 15 766 - ИА 30.12.2015 куәлігі берілген.

 Оңтүстік Қазақстан облысында өткен жылы 27 мыңнан астам түрлі деңгейдегі мәдени іс-шара ұйымдастырылған. Бұл туралы облыстық мәдениет басқармасы мәлімдеді. Мәселен, 2017 жылы 13 халықаралық және 19 облыстық, жалпы клуб мекемелерінде 9 989, кітапханаларда 16602, музейлерде 831 көпшілік іс-шара өткізілген. Оның ішінде «Түркістан – Түркі әлемінің мәдени астанасы» жылының аясында ерекше өткен «Театр көктемі-2017» фестивалі мен ТҮРКСОЙ театр басшылары кеңесінің мәжілісі, «Күлкі жәрмеңкесі» фестивалі, «ХХ-шы ТҮРКСОЙ халықаралық опера жұлдыздарының» фестивалі, «Ортеке» қуыршақ театрларының фестивалін айтуға болады.

Ал облыстаға театрларда отыз бес жаңа спектакльдің премьерасы сахналанып, жалпы 1782 қойылым көрермен назарына ұсынылды.  Сондай-ақ, театр өнер ұжымдарымен сексен тоғыз гастрольдік іссапар ұйымдастырылып, оған 253 мыңдай көрермен қамтылды.

Сонымен бірге, Ш.Қалдаяқов атындағы облыстық филармонияда 237 концерт қойылды. Филармонияның «Қазына» би ансамблі мәдениет және өнер саласындағы жетістіктері үшін  ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы қоры сыйлығының иегері атанып, Ресей және Түркияда өткен Халықаралық би байқауларында қазақтың ұлттық билерін насихаттап, Бас жүлде және  І орынды иеленді. Түркия арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастардың жиырма бес жылдығына орай, облысымыздың өнерпаздары Түркияның Анкара, Адана, Мерсин қалалары мен Кечиорен муниципалитетінде өнер көрсетті.

Ал, облыстық орыс драма театры Мордовия Республикасы Саранск қаласында өткен XII Халықаралық «Соотечественики» театр фестиваліне қатысып, лауреат атанды. Облыстық опера және балет театрының солистері Қырғызстан мемлекетінің Бішкек қаласында өткен опера өнерінің Халықаралық фестиваліне қатысып, жоғарғы деңдейде өнер көрсетті.

Есепті кезеңде «Оңтүстік-Цирк» мекемесінде 57 қойылым мен іс-шаралар өткізген болса, оған жиырма төрт мыңға жуық көрермен барған. Астана қаласында өткен Халықаралық «Шабыт-2017» шығармашыл жастар фестивалінде цирк өнері номинациясы бойынша жүлделі III орынды иемденген.